Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында полицейлер тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

/
Түркістан облысында полицейлер тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Олардың арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Ермеков пен жедел уәкіл Үсен Сұлтанбаев та бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, олар тәркіленген анашадан пайда табуға тырысқан. Полицейлерді ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.

Бұл оқиғаға қатысты ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді:
– Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен екі полиция қызметкерін ұстады. Қазір олар қамауға алынды, тергеу изоляторында отыр. Алдын ала тергеу жүргізілуде, – деді ол.

Сонымен қатар, Түркістан облысы полиция департаментінде тәртіптік комиссия шұғыл отырыс өткізіп, екі қызметкерді теріс себептермен жұмыстан босатты.

– Ішкі істер министрі өз қатарларын адал емес қызметкерлерден жүйелі түрде тазарту жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын бірнеше рет атап өткен. Біз антына опасыздық жасағандарға қатысты қатаң және принципті ұстанымдамыз, – деді Шыңғыс Әлекешев.