Logo
Іздеу
Айдарлар

Ғалымдар Жерге төніп келе жатқан апат туралы ескертті

/
Ғалымдар Жерге төніп келе жатқан апат туралы ескертті
Сурет: Depositphotos.com

Парниктік газдардың үздіксіз шығарылуы салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуі әлем бойынша жағалаудағы қалалардың жойылуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Канаданың Макгилл университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Болашақта теңіз деңгейі көтеріледі деп күтілуде, бұл жағалаудағы қалалардың біртіндеп су астында қалуына алып келеді», — делінген зерттеу материалында.

Ғалымдардың қорытындысы бойынша, су басу қаупі ең жоғары аймақтар — Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік және Орталық Америкадағы жағалаудағы елді мекендер. Зерттелген аумақтағы 840 миллион ғимараттың 136 миллионы 2100 жылға қарай теңіз деңгейі 20 метрге көтерілген жағдайда зардап шегуі мүмкін. Бұл құрылыстардың басым бөлігі халық тығыз орналасқан ойпатты өңірлерде орналасқандықтан, порттар, инфрақұрылым және мәдени мұра нысандары да қауіпке ұшырауы ықтимал.

«Климаттың өзгеруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі — теңіз жағасында тұрамыз ба, жоқ па, бәрімізге әсер етеді», — деді университет профессоры Эрик Гэлбрейт.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл есептер сәулетшілерге, қала жоспарлаушылары мен құрылысшыларға болашақта келетін зиянды азайту үшін маңызды деректерді ұсынады.