Астанада бес адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану туралы өтініштері қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Биыл бес азамат сот тәртібімен өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандарының қатарына қосуды сұраған. Қалалық сотпен бірлесіп олардың материалдары, соның ішінде мұрағаттық құжаттар зерттелді. Алайда бұл азаматтардың аталған санатқа жататынын растайтын дәлелдер табылған жоқ. Осыған байланысты, елорда прокуратурасының өтініші бойынша сот бұл адамдарды саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танудан бас тартты», — деп мәлімдеді дүйсенбі күні Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері сот арқылы саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде тану тәжірибесі «масылдық төлемдердің алдын алу мақсатында» тоқтатылғанын түсіндірді.