Logo
Іздеу
Айдарлар

Алаяқтар Аягөз тұрынының атынан 5,5 миллион теңге несие алған

/
Алаяқтар Аягөз тұрынының атынан 5,5 миллион теңге несие алған
Сурет: pexels

Абай облысында алаяқтық оқиғасы тіркелді. Аягөз ауданының 42 жастағы тұрғыны өз атына бірнеше банктен жалпы көлемі шамамен 5 миллион 460 мың теңге болатын онлайн несие рәсімделгенін білген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұл қылмысқа 39 жастағы әйелдің қатысы бар екені анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті өзінің танысы – жәбірленушінің жеке мәліметтерін пайдаланып, екі банктің мобильді қосымшалары арқылы заңсыз несие рәсімдеген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Абай облысының полиция департаменті азаматтарға жеке деректердің қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жеке мәліметтеріңізді бөтен адамдарға бермеңіз және онлайн қызметтерді қолданғанда барынша мұқият болыңыз.

Егер өз атыңызға заңсыз несие рәсімделгенін немесе күмәнді әрекеттер байқалса, дереу полицияға хабарласу қажет. Жеке ақпарат пен мүлікті қорғау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Полиция тұрғындарды алаяқтықтың алдын алу мақсатында сақтық шараларын ұстануға және киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.