Logo
Іздеу
Айдарлар

Шерхан мен Темірланға көлік берген соң Қайрат Боранбаев қатаң шешім шығарды

/
Шерхан мен Темірланға көлік берген соң Қайрат Боранбаев қатаң шешім шығарды
ашық дереккөзден

"Қайрат" футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев қақпашылар Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке көлік сыйланғаннан кейін ұжым ішінде тәртіпке қатысты жаңа шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Боранбаевтың айтуынша, енді клуб ойыншыларына берілетін кез келген сыйлық немесе марапат міндетті түрде клубтың ресми рұқсатымен және келісімімен ғана жүзеге асуы тиіс.

"Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, мұндай жағдайлар клубтың бақылауында болуы керек. Сол себепті енді кез келген сыйлық немесе марапат тек клубтың рұқсатымен жүзеге асады деген шешім қабылданды", – деді Қайрат Боранбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәсіпкерлер "Қайрат" клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған болатын. Бұл жаңалық қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желілерде түрлі пікір туғызған еді.