Республика күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы ерекше деректерді жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елімізде “Қазақстан” есімді 28 азамат бар. Олардың ең көбі Қарағанды облысында – 7 адам, ал Ақмола облысында – 6 адам тұрады.
Сонымен қатар, Қостанай облысы мен Астанада – 3 адамнан, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында “Қазақстан” есімді бір-бір тұрғыннан тіркелген.
Аталған 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі – Қазақстан екені белгілі болды.
Жас ерекшелігі бойынша, бұл есімді иеленгендердің ең үлкені – 92 жаста, ал ең жасы – 25 жаста.