Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған

/
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған
Сурет: pexels

15 жастағы қыз көрші тұратын 71 жастағы туысынан жүкті болған. Туыстарының айтуынша, олар бұл туралы тек жүктіліктің жетінші айында ғана білген. Қыз ақпан айында босанған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғадан кейін ауыл тұрғындары қарт ер адамның отбасын ауылдан кетіруді талап еткен.

Қазір күдікті кінәсін мойындаған, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты заңсыз әрекеттер жөнінде арызданғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлады полиция департаменті.