Logo
Іздеу
Айдарлар

Сәкен Бибосынов бокстан Қазақстан чемпионы атанды

/
Сәкен Бибосынов бокстан Қазақстан чемпионы атанды
Сурет: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

Семей қаласында бокстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының өкілі Сәкен Бибосынов пен Қызылорда облысынан келген Нұрсұлтан Алтынбек кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бірінші раундты төрешілер Алтынбектің пайдасына 3:2 есебімен бағалады. Алайда екінші раундта Бибосынов басым түсіп, барлық бес төрешіден жеңіс ұпайын (5:0) алды. Үшінші раундта да Сәкеннің артықшылығы айқын болды. Нәтижесінде жеңімпаз ретінде Сәкен Бибосынов жарияланды.

Сәкен Бибосынов — Қазақстанның ең табысты былғары қолғап шеберлерінің бірі. Ол 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін медаль иегері.

Оның қарсыласы Нұрсұлтан Алтынбек те мықты боксшы саналады — ол U22 жас санатында екі дүркін Азия чемпионы және жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.