Қырғызстанның Ош қаласында орын алған қайғылы оқиға елді дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 2-ден 13 жасқа дейінгі бес баласы көз жұмды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 22 қазан күні таңғы сағат 5:52-де тіркелген. Алдын ала мәліметке сай, өрт Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесінде шамамен сағат 3:30-да тұтанған. Тілсіз жау аз уақыт ішінде бүкіл үйге жайылып, шатырға дейін өршіп кеткен. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 6:25-те толық оқшаулаған.
Құтқарушылар үй ішінен әйел мен бес баланың денесін тапқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр пешінің ақауы себеп болған.
Белгілі болғандай, марқұм әйелдің күйеуі сол сәтте Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүрген.