Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

/
Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды
Сурет: Рixabay

Ақмола облысының Бурабай ауданында 12 жастағы қыз баланы зорлау ісі бойынша екі ер адам күдікке ілінді. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 58 жастағы бұрынғы полицей мен оның 57 жастағы көршісі ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр. «НеМолчиkz» ұйымының мәліметінше, тергеу кезінде күдіктілердің бірін жауапкершіліктен босатуға әрекет жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, қыздың анасы ауылдан қалаға жұмыс істеуге көшіп, жалдамалы пәтерге орналасқан. Ал қыздары ауылда қалып, демалыс сайын анасына қонаққа келіп жүрген. Пәтер иесі – 1967 жылы туған бұрынғы полиция қызметкері – қызбен сөйлесіп, сеніміне кіріп, кейін орманға алдап апарып зорлаған. Ол қызды қорқытып, бұл туралы ешкімге айтпауға мәжбүрлеген, әйтпесе әпкесіне де жамандық жасайтынын ескерткен.

2024 жылдың жазында күдікті қызды қайтадан базарда көріп, телефон нөмірін алып, ақша мен электронды темекілер беріп жүрген. Біраз уақыттан кейін ол бұл туралы өз көршісіне айтып, оны да «қызды пайдалануға» итермелеген. Осыдан соң 1968 жылы туған көршісі де зорлық әрекетін жасаған.

Оқиға қыздың әпкесі оның телефонынан ересек ер адамнан келген әдепсіз хабарламаларды байқап қалғаннан кейін ашылған.

Қыз өз-өзіне сенімсіз болып, психологқа «мен өзімді лас әрі кінәлі сезінемін» деп айтқан. Сондай-ақ ол полицияға бірнеше рет бір сұрақтарға қайта жауап беруден шаршағанын жеткізген. Күдіктілердің отбасы істі тоқтату үшін жәбірленушілерге ақша ұсынғаны да хабарланды.

«Щучинск қаласының тұрғыны 15 жастағы қызына зорлық-зомбылық жасалды деген арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы дерекке қатысты Бурабай аудандық полиция бөлімінде қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергеуі Ақмола облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасына берілді. Тергеу барысында және қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Бурабай аудандық полиция бөлімі қабылдаған процессуалдық шешімдердің объективтілігі тексеріледі», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, департамент өкілдері бұл қылмыстық іс бойынша күдіктілердің құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.