Ресейде кәсіби клоундардың тапшылығы байқалады. Бұл туралы цирк әртісі Анатолий Марчевский «Московский комсомольцу» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның сөзінше, әңгіме тек костюм киген көңіл көтерушілер туралы емес, өзіне тән тұлғасы, философиясы және қоғамға көзқарасын көрсететін репертуары бар шынайы клоундар жайлы.
«Қазір клоунада жанрында жаңа есімдер шықпай жатыр. Тіпті кей цирк бағдарламалары клоунсыз өтуде. Ал клоун — цирктің жүрегі, көрермен көңілінің дирижері», — деді ол.
Марчевский 10 жыл бойы Екатеринбургте Халықаралық клоундар фестивалін ұйымдастырғанын атап өтті. Әлемде 7 миллиард адам тұрса да, тек 120 шынайы клоун табылғанын айтты.
Оның айтуынша, көрермен де, юмор сезімі де өзгерген. Бұрын күлкілі болған дүниелер бүгінде әсер етпейді. Комизмнің негізі — «алогизм логикасы»: адамдар дағдылы істі оңай шешсе, клоун оны ерекше әрі тосын тәсілмен орындайды.
Марчевский қазіргі басты міндет — осы сиреп қалған кәсіби клоундар қатарын толықтыру екенін жеткізді.