Logo
Іздеу
Айдарлар

Таразда тапа-тал түсте қыз алып қашқандарды полиция тексеріп жатыр

/
Таразда тапа-тал түсте қыз алып қашқандарды полиция тексеріп жатыр
Сурет: видеодан скрин

Таразда күндіз аялдамада тұрған қызды ұрлап әкетті. Оны көлікке күштеп отырғызып, қала тұрғындарының көзінше алып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бірнеше адам көмек көрсетуге тырысқанымен, нәтиже болмаған.

Оқиға бірнеше күн бұрын болған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Тараз қаласындағы автобус аялдамаларының бірінде қыздың ұрланғаны туралы ақпарат анықталды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы анықталды. Тараптардың бір-біріне ешқандай шағымы жоқ және олар бұрыннан таныс болғаны белгілі болды», - деді Жамбыл облысы полиция департаменті.

Кейбір ақпараттарға сүйенсек, қызды үйлену мақсатында алып кеткен. Мұны құда бала жасады делінеді. Қыздың тұрмысқа шығуға келісім берген, бермегені әзірге белгісіз.

Бұл ретте полиция қазіргі уақытта орын алған жағдайға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түпкілікті құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.