Алматыда террорлық актіге жол берілмегенін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«2025 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында ҰҚК бес шетел азаматы жоспарлаған террорлық актінің дайындық сатысында алдын алды. Барлығы қамалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйек және қазан айларында терроризмді насихаттау күдігі бойынша қылмыстық істер аясында Қазақстанның сегіз азаматы қамалған.
«Осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша террорлық және экстремистік қылмыстар үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған алты адам сотталды. Биылдан бастап ұқсас қылмыстар бойынша жалпы 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың алтауы – шетелдіктер», – деп толықтырды комитет.