Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркістан облысында шенеуніктер жымқыру ісі бойынша ұсталды

/
Түркістан облысында шенеуніктер жымқыру ісі бойынша ұсталды
Сурет: ЖИ

Түркістан облысында жергілікті атқарушы органдардың бірнеше басшысына қатысты алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arasha.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының бірнеше жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде», — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, қоғамдық даму басқармасының басшысы мен оның қызметкері жұмысшылардың еңбекақысына бөлінген 191 млн теңгені жымқырды деген деректер бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы комиссия мүшелеріне тексеріс қорытындысы бойынша оң шешім шығару үшін 16 млн теңге пара берген фактісі тексерілуде.

Сот шешімімен екеуі де қамауға алынды.

«Басқа ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп қорытындылады комитет.