Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Енді кей мұғалімдердің сағат саны көбейетін болды

/
Сүйінші, ағайын! Енді кей мұғалімдердің сағат саны көбейетін болды
informburo.kz

Қазақстанда мектептердегі алғашқы әскери дайындық бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда бұл пәнге бөлінетін уақыт жеткіліксіз. Осыған орай Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, пән сағаттарын көбейтіп, патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралардың санын арттыруды жоспарлап отыр.

"Мектептерде алғашқы әскери дайындыққа өте аз уақыт бөлінеді. Біздің министрлік оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жаңа бағдарламаны қарастырып жатыр", – деді ол.

Жаңа бағдарлама аясында оқушылардың әскери-патриоттық рухын нығайтуға бағытталған қосымша сабақтар мен іс-шаралар енгізілмек. Бұл бастама жастардың ел қорғауға деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін күшейтуді мақсат етеді.