Бүгінгі қоғамның ең белсенді мүшелері ‒ олар жастар. Жастары қоғамның дамуына, елде болып жатқан оқиғалар бей жай қарамайтын болса, жас ұрпақ үн қатып, қолынан келген әрекетті жасап, өз белсенділігін көрсетіп отырса, ондай мемлекеттің болашағы зор деген сөз.
«Ел боламын десең ‒ бесігіңді түзе» деген Мұхбат Әуезов. Елдің болашағы жастардың белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан жастардың дауысын естіп, оларды қолдап, демеп отыру билік басындағылардың да, халықтың да міндеті.
Осы ретте елімізде белсенді жастардың саяси, қоғамдық, мәдени-рухани, экологиялық және тағы басқа мәселелерін көтеретін ұйымдары мен бірлестіктері бар.
Солардың бірі «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі. Олар өткен жылы су тасқыны кезінде су астында қалған елдімекендерге барып, қол ұшын созды. Жастарды есірткі мен ішімдіктен қорғау үшін акциялар ұйымдастырып, ауқымды іс-шаралар өткізіп тұрады.
Бұдан бөлек, Қазақстан бойынша 2 миллионнан аса жас азаматтың басын біріктіріп, түрлі жобалар ұйымдастырып жүрген «Жастар рухы» жастар қанаты бар. Бүгінде бұл ұйым 2 мыңнан артық жобаны жүзеге асырған.
Бұл ұйымдардан басқа да елде жастардың белсенділігін айқын көрсететін ұйымдар бар.