Logo
Іздеу
Айдарлар

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулдары үшін жекпе-жек өткізеді

/
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулдары үшін жекпе-жек өткізеді
Сурет: sportilinet.kz

WBO және IBF версиялары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Куба спортшысы Эрисланди Ларамен (WBA титулының иегері) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін кездесуі 6 желтоқсанда өтеді. Бұл жекпе-жек Сан-Антонио (Техас, АҚШ) қаласында өтетін Premier Boxing Champions PPV-ивентінің басты оқиғаларының бірі болады.

Кештің басты жекпе-жегі — мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч арасындағы кездесу.

Әләмханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы үш әлемдік титулдың иегері болады және орта салмақта абсолюттік чемпион мәртебесіне жақындайды. Толық біріктіру үшін Жәнібекке WBC титулын жеңу қажет, ол қазіргі уақытта Доминикан спортшысы Карлос Адаместің қолында.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде еліміздің спортшысы екі әлем чемпиондық титулын қорғады. Ол француз-Конго боксшысы Анауэле Нгамиссенгені жеңді.

Кәсіби рингте 32 жастағы қазақстандық 17 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен, оның 12-сі нокаутпен аяқталған.