Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар! Жаны жәннатта болсын! Танымал актердің отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

/
Қаралы хабар! Жаны жәннатта болсын! Танымал актердің отбасы қара жамылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал жас актер Жасұлан Әйтеннің отбасына ауыр қайғы түсті – оның әкесі дүниеден өтті. Бұл жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің жазуынша, актердің әріптестері мен жанкүйерлері оған көңіл айтып, сабыр тілеп, жылы сөздерін арнап жатыр.

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында актер туралы жүрекжарды жазба қалдырды. Продюсердің айтуынша, актер Жасұлан Әйтен әкесінің өмірден өткенін түсірілімнің соңғы күні естіген. Бірақ бұл туралы өзге әріптестеріне тіс жармаған екен. 

Көпшілік жас актердің отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.

"Әкеңнің жаны жәннатта болсын", "Иманы жолдас болсын", "Жақсы әкенің артында жақсы ұл қалды", "Жаны жәннатта болсын, сабыр берсін", – деп жазды желі қолданушылары.