Logo
Іздеу
Айдарлар

Елімізде запастағы офицерлерді әскерге шақыру науқаны өтеді

/
Елімізде запастағы офицерлерді әскерге шақыру науқаны өтеді
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақырудың кезекті кезеңі өтетіні айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2026 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, ІІМ Ұлттық ұланына және Төтенше жағдайлар министрлігіне запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жүргізіледі», — делінген Қорғаныс министрлігінің қаулы жобасында.

Құжатта бұл шараның мақсаты ретінде офицерлік құрамдағы бос лауазымдарды толықтыру көрсетілген.