Logo
Іздеу
Айдарлар

Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтты

/
Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтты
Сурет: видеодан скрин

Қарағандыда әлеуметтік және ұлтараздықты қоздырды деген айыппен сотқа тартылған 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Іс қысқартылған тәртіпте судья Арғын Құтышевтің қарауында өтіп жатыр. Үкім бүгін кешке жариялануы тиіс.

Айыпталушы соңғы сөзін айтып, соттан өз кінәсін мойындағанын және кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескеруді өтінді.

– Мен тағы да өз сөздеріммен ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Өте ұят болды. Не айтарымды білмеймін. Қатты өкінемін. Соттан менің кінәмді толық мойындағанымды, өкініш білдіргенімді және кішкентай қызымның бар екенін ескеруді сұраймын.
Адам бәрін жоғалтқанда ғана бағалай бастайды екен. Мақсат пен жетістік қуған жарыста өмір сүре алмай қаласың, қызыңды ата-анаңа қалдырасың. Ал қазір тек қызымның қасында болу үшін барлығын беруге дайынмын, — деді айыпталушы көзіне жас алып.