2025 жылдың қазан айында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық бойынша 83 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
2025 жылғы қазан айында ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметінің нәтижелері туралы. Қазанда барлығы 83 құқықбұзушылық тіркелді. Олар Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланған.
189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) – 12;
190-бап (алаяқтық) – 16;
195-бап (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік зиян келтіру) – 1;
206-бап (ақпаратты заңсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
361-бап (қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану) – 2;
362-бап (билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) – 3;
364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
366-бап (пара алу) – 26;
367-бап (пара беру) – 11;
368-бап (парақорлыққа делдалдық жасау) – 4;
380-бап (билік өкіліне күш қолдану) – 1;
394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
414-бап (заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау) – 1;
433-бап (қылмысты жасыру) – 2», – делінген хабарламада.
Сотқа 54 қылмыстық іс жіберілген, оның ішінде:
жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу – 1 іс;
мүлікті иемдену немесе ысырап ету – 1 іс;
алаяқтық – 17 іс;
пара алу – 19 іс;
пара беру – 11 іс;
парақорлыққа делдалдық жасау – 5 іс.