Logo
Іздеу
Айдарлар

Қайырымдылық ұйымы қаржы пирамидасы болып шықты

/
Қайырымдылық ұйымы қаржы пирамидасы болып шықты
Сурет: ҚМА

Қарағанды облысында қайырымдылық атымен жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Үміт Самғау» ұйымы жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек береміз деп уәде еткен. Алайда іс жүзінде олар адамдардан ақша жинаумен айналысқан.

Қатысушыларға 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетін «салымдар» ұсынылған. Қаншалықты көп қаржы салсаң, соншалықты көп табыс табасың деп сендірген. Бірақ төлемдер нақты бизнестен емес, жаңа қатысушылардың жарналарынан жасалып отырған – классикалық пирамида сызбасы.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, іс бойынша 400-ден астам адам зардап шеккен, жалпы сома 100 миллион теңгеден асқан. Сот күдіктінің пәтері мен көлігін тәркіледі. Тергеу жалғасуда.