Logo
Іздеу
Айдарлар

Қыз алып қашу бойынша қанша іс қозғалғаны белгілі болды

/
Қыз алып қашу бойынша қанша іс қозғалғаны белгілі болды
Сурет: ЖИ

Тәртіп сақшылары 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап — «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілгенін еске салды. Бүгінге дейін неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалып, 15 адам ұсталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа норма адамды еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлау әрекеттерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады. Енді мұндай әрекет үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ал ауыр жағдайларда жаза мерзімі 10 жылға дейін ұлғаюы мүмкін.

Бұрын жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік беретін ереже бар еді, алайда ол алынып тасталды. Енді жәбірленушіні босату қылмыстық жазадан босатпайды.

«Жаңа бап күшіне енгеннен кейін Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалып, 15 адам ұсталды. Қазіргі таңда әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді ІІМ.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырып, мұндай фактілер туралы 102 нөміріне дереу хабарлауды сұрайды.

Министрлік қыз алып қашу мен әйелдерді зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғауға бағытталған шараларды жалғастыра беретінін мәлімдеді.