Тәркіленген активтерді басқару компаниясы (КУВА) ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі мүлікті тағы да сатуға тырысты, деп хабарлайды Arasha.kz.
4 қарашада жалпы құны 520 миллион теңгеден асатын 42 сән-салтанат бұйымы аукционға қойылды. Олардың арасында қымбат сағаттар, зергерлік әшекейлер және түрлі аксессуарлар бар.
Алайда сатылғаны тек бір ғана зат болды — самурай қылышы. Болаттан жасалған, сабында рельефті геометриялық өрнегі бар қынаптағы қылыш 542,7 мың теңгеге өтті. Бұл қару бұрын Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген болатын.
Қалған сәндік бұйымдар — Patek Philippe және Harry Winston сағаттары, Van Cleef & Arpels пен DE BEERS зергерлік әшекейлері — тағы да сатып алушысын таппады.