Қазақстанда сабақ кезінде балалардың телефон пайдалануына жол берген ата-аналарға айыппұл салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Тиісті норма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабында қарастырылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ереже бірінші рет бұзылған жағдайда ескерту беріледі, ал қайталанса – 5 АЕК (шамамен 19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Тыйым оқу процесі кезінде мобильді құрылғыларды пайдалануға қатысты, бірақ оқу бағдарламасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Бұл шектеу 2024 жылғы ақпанда Президент қол қойған «Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң аясында енгізілді. Заңның мақсаты – оқушылардың гаджетке тәуелділігін азайтып, мектептегі тәртіпті күшейту.
Ережелер енгізілгеннен кейін Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірінде ата-аналар таңертең телефон тапсыру мен сабақтан кейін қайтарып алу кезінде кезек пен иінтірестен қауіптеніп, балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.