Logo
Іздеу
Айдарлар

Бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды

/
Бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды
Сурет: ЖИ

СҚО прокуратурасының бастамасы бойынша мекеме бухгалтері бюджеттік қаражатты иемдегені үшін сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығында (бұдан әрі - Орталық) жүргізілген тексеру барысында мекеме бухгалтері  тарапынан бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактілері анықталды.

«Аталған лауазымды адам 2020 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде өзінің жеке шотына жалпы сомасы 17 млн теңге жалақы және өзге де төлемдер түріндегі ақшалай қаражатты заңсыз аударғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 2025 жылғы 27 наурызда аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады»,-  делінген хабарламада.

Мағжан Жұмабаев аудандық сотының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі үкімімен Орталық есепшісі аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда материалдық жауапкершілік пен бухгалтерлік қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырумен, 7 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енді).
 
Қылмыстық кодекстің 74-бабының талаптарына сәйкес, сотталғанда жас баласының болуына байланысты оның жазаны мерзімі 2028 жылдың 27 қыркүйегіне, яғни бала он төрт жасқа толғанға дейін қалдырылды.
 
Мемлекетке келтірілген шығын ішінара өтелді.