Logo
Іздеу
Айдарлар

Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден қинаған жұмысқа нүкте қойды

/
Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден қинаған жұмысқа нүкте қойды
Коллаж: ulysmedia.kz

Қоғамда үлкен талқылау туғызып, ұстаздар тарапынан сынға ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы тоқтатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа жиынында мәлім етті. Жиында білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Министрдің айтуынша, аталған жоба мұғалімдерге қосымша жүктеме арттырғанымен қатар, олардың негізгі оқу-әдістемелік жұмысына кері әсер еткен. Сондай-ақ жобаның нақты құқықтық негізі мен ресми құжаттары болмаған. Осыған байланысты оны тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.