Наразылық акциясы азаматтардың өтініштерін қабылдайтын Президент Әкімшілігінің ғимараты – Министрлер үйінің 16-подъезі алдында өтіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аналар әскерге реформа жасауды және ұлдарының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етуде, деп жазды Orda.kz.
«Сарбаздардың өлімі тоқтауы керек. Әділ тергеу болсын. Әділ сот болсын!» – деп айқайлады бір әйел.
«Дәлелдер жойылып жатыр, кінәлілер жазадан құтылып кетеді, ал біздің балаларымыз қаза табуда! Неліктен ешкім жазаланбайды? Ең көбі – немқұрайлылық танытқан әскериді жұмыстан босатады. Бұл – заң бұзу!» – деп ашуланды тағы бірі.
Полиция қызметкерлері әйелдердің жанына бірнеше рет келіп, тәртіп сақтау туралы ескерту жасаған. Алайда әзірге олар митингіні таратпай, тек бақылап тұр. Бұрышта полицей көлігі қарайлауда.
Қызмет кезінде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары бұған дейін де бірнеше рет дауыстарын көтерген. Олар ұлдарының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.