Logo
Іздеу
Айдарлар

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алып кетті

/
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алып кетті
Сурет: әлеуметтік желіден

10 қараша күні әскерде қаза тапқан және зардап шеккен жігіттердің аналары күні бойы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланға өз мұңын жеткізуге тырысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олар әділ тергеу жүргізуді талап етті. Бұл наразылық туралы бұған дейін жазған едік. Аналар әскерге реформа жасауды және ұлдарының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етуде. Олар ұлдарының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Сондықтан әділ тергеу жүргізілгенін талап етіп отыр.

Министрліктің алдына жиналған аналардың біріне жедел жәрдем шақырылды, әйел есінен танып қалды.

Наразы аналардың талап, тілектерін тыңдауға келген БАҚ өкілдері көп болды, сол себепті полиция оларды ұстап әкете алмаған сыңайлы. Алайда журналистер кеткен соң бес әйелді Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілгені белгілі болды. Сол жердегі аналардың бірі полиция басқармасында отырғандарын баяндап,  видео жариялаған.