Logo
Іздеу
Айдарлар

Бүгін Талғарда Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шығарылады

/
Бүгін Талғарда Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шығарылады
Сурет: ашық дереккөзден

Талғар қаласында атышулы қылмыстық іс бойынша Хасан Қасымбаев пен тағы бес айыпталушыға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Қасымбаев «Хуторские» деп аталатын Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танылған. Ол адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып алу баптары бойынша айыпталып отыр.

Прокурор соттан айыпталушыны 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, сот ғимараты маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Полиция сотқа кіреберіс көшені жапқан, ал айнала аумақта бақылау жүргізіліп жатыр.