Кеше өз балалары қызмет кезінде қаза болған немесе жараланған аналар алдымен Министрліктер үйінің алдында, кейін — ғимарат ішінде митинг өткізді. Олар өз балаларının өліміне әділ тергеу жүргізуді талап етт, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайдан хабардар болып, қаза болған сарбаздардың істерін тексеруді тапсырды. Бұл тапсырманы ол Берік Асыловқа 12 күн ішінде орындауды жүктеді.
Бас прокурор өзінің X парақшасында ата-аналарды міндетті түрде қабылдайтынын хабарлады.
«Олардың ешбір пікірі назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар біз әскери қызметшілердің қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша жұмыстарға, әскери қызметке шақыру заңдылығына, соның ішінде медициналық қызмет қорытындыларының негізділігіне баға береміз», — деп жазды ол.
Оның айтуынша, Тоқаевтың тапсырмасын орындауға Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық гвардияның өкілдері де қосылған.