Logo
Іздеу
Айдарлар

Ауылда учаскелік полицейді ұрғандар сотқа тартылды

/
Ауылда  учаскелік полицейді ұрғандар сотқа тартылды
Сурет: ІІМ

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотына Пресногорьковка ауылындағы екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс түсті. Олар учаскелік инспектормен жанжал шығарып, оған қол көтерген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, айыптау актісі 31 қазанда бекітілген. Оқиға маусым айының ортасында болған. 27 және 29 жастағы екі ер адам кафеден мас күйде шығып, учаскелік полицейдің ескертуіне ашуланып, оны көпшілік көзінше балағаттаған және ұрып-соққан. Полицей жеңіл жарақат алған.

Күдіктілерге билік өкілін қорлау және оған күш қолдану баптары бойынша айып тағылған.

Заң бойынша билік өкілін қорлағаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, түзету немесе қоғамдық жұмыстар, не 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Ал полицейді ұрып-соғу үшін айыпталушылар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.