Балалардың шығармашылық дамуының көрсеткіші елдегі өскелең ұрпаққа арналған мәдени мекемелердің көптігімен өлшенеді десек қате айтпаған болармыз. Балалар кітапханалары, театрлар мен цирктердің көптігіне көз жүгіртейік.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика бюросының мәліметтері бойынша елімізде 2016 жылға дейін балалар кітапханасының саны 41 мыңнан асқан, алайда 2017 жылы олардың саны күрт төмендеп, 4100-ді құраған. Өкінішке қарай 2023 жылға қарай елімізде 259 ғана балаларға арналған кітапхана қалған екен.
Енді соңғы он жылдағы балаларға арналған театрлардың санына тоқталсақ, елімізде балалар театрларының сәл де болса өсімі байқалады. Мысалы 2013 жылы Қазақстанда 64 балалар мен жасөспірімдерге арналған театр жұмыс істеп тұрса, 2023 жылы олардың саны 74-ке жетіпті.
Балаларға ерекше әсер сыйлайтын өнер ордаларының бірі ‒ цирктердің саны Қазақстанда қанша? Соңғы 20 жылда елімізде цирк санының өсуі 2010 жылы болған екен (5 цирк). Бірақ 2017 жылдан бері Қазақстанда 3 цирк жұмыс істеп тұрған көрінеді.