Logo
Іздеу
Айдарлар

Бас прокуратура судьяны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тоқаевтың келісімін сұрады

/
Бас прокуратура судьяны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тоқаевтың келісімін сұрады
Сурет: ашық дереккөзден

Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Бас прокуратура Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 873-бабына сәйкес мемлекет басшысының атына судья А.К. Досаеваны көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдаған. 

“Бұл ұсыным “Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі туралы” заңның 3-бабына сәйкес Жоғары сот кеңесінде қаралады”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Конституцияның 79-бабының 2-тармағына сәйкес, судьяны қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, Жоғары сот кеңесінің қорытындысы негізінде президенттің келісімінсіз әкімшілік жазаға тартуға немесе қылмыстық қудалауға болмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталғаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар сот жүйесіне алаңдаушылық білдіріп, Тоқаевқа хат жолдады.