Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлады

/
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлады
Сурет: видеодан скрин

Оқиға «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған. Бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын баяндады. Лифт жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құлап кеткен.

«Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы – орташа ауыр, екіншісінікі – ауыр. Бірі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр, екіншісі – политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады басқарма.

Полиция мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») бойынша іс қозғалды.