Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ аттанды

/
Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ аттанды
Сурет: ТЖМ

Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, қираған жер сілкінісінен зардап шеккен халықты қолдау үшін Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтілді. Мемлекеттік материалдық резервтен қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, төсек-жабдықтар, шатырлар және басқа да алғашқы қажетті тауарлар бөлінді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тобын жасақтап, жолға шығарды», – делінген хабарламада.

Жалпы гуманитарлық жүк құрамына жалпы салмағы 18 тонна болатын 34 түрлі тауар енгізілген.

«Жеткізу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі авиациясының ұшағымен жүзеге асырылуда және гуманитарлық жүк бүгін-ақ ауған тарапына табысталады. Жүктi тиеп-түсіру жұмыстарына ТЖМ әскери бөлімі қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысып, жүктi жедел әзірлеу және жөнелтуді қамтамасыз етті. Гуманитарлық көмек KazAID Қазақстан халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. Қазақстан Республикасы гуманизм және өзара көмек қағидаттарын басшылыққа ала отырып, достас Ауғанстанға қолдау көрсетуді жалғастыра береді», – делінген хабарламада.