Ресейлік файтер Ислам Махачев Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақта жаңа чемпион болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ислам Махачев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. 34 жастағы спортшы үшін бұл UFC-дегі 28-жеңіс (бір ғана жеңілісі бар).
Биыл ол жеңіл салмақтан жартылай орта салмаққа ауысып, екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белдікке ие болған алғашқы ресейлік атанды.
Делла Маддалена кәсіби мансабында 18 жеңісіне қарсы үшінші рет жеңілді. Ол осы күнге дейін 2016 жылдан бері ұтылмаған еді.
Бұған дейін UFC басшысы Хабиб Нұрмағомедовтің спорттан кету себебін айтқан болатын.