Logo
Іздеу
Айдарлар

22 жастағы жігіт энергетиктерді шамадан тыс ішкеннен кейін аяғынан айырылды

/
22 жастағы жігіт энергетиктерді шамадан тыс ішкеннен кейін аяғынан айырылды
Сурет: Рixabay

Санкт-Петербургтің 22 жастағы тұрғыны Артем энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну салдарынан өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, түнгі компьютерлік ойындарға әуес болған жігіт сергектігін сақтау үшін энергетик іше бастаған. Алғашында күніне бір банкадан ішсе, уақыт өте келе мөлшерін ашқарынға 3–5 банкаға дейін көбейткен.

Жазда Артемнің іші қатты ауырып, жүрек айнуы мен құсу басталған. Оны “панкреатит” диагнозымен ауруханаға жеткізеді. Ауруханадан шыққаннан кейін дерт қайта асқынып, ұйқыбезінде киста пайда болған.

Үшінші рет ауруханаға түскенде жағдайы күрт қиындайды: Артемде ұйқыбездің іріңді некрозы дамып, аяқтары жансызданды, созылмалы аурулары ауырлап, ағзасы уланды, есте сақтау қабілеті бұзылып, анорексия байқалды. Қазір ол Санкт-Петербургтегі ауруханалардың бірінде оңалтудан өтіп, қайтадан жүруді үйреніп жатыр.

Мамандардың айтуынша, энергетиктерді шамадан тыс, әсіресе ашқарынға ішу ұйқыбезге, жүрек пен қан тамырларына ауыр соққы болып, қайтымсыз асқынуларға әкелуі мүмкін.