Батыс Қазақстан облысында 10 жасар қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің салғырттығы бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген», – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға мектепке баратын жолда орын алған. Шенеуніктердің ағаштарды кесу және жол бойындағы жарықтандыруды ұйымдастыру жөнінде шара қабылдамауы салғырттыққа жатады деп бағалануда.