Интернетте «Северный Казах» деген атпен танымал блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық араздық тудыру және алдын ала жалған ақпарат таратты деген айыппен 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл дау жабық режимде қаралды, бірақ бүгін Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты ресми түсініктеме берді.
Соттың хабарлауынша, Төлегенов өзінің YouTube каналында ұлтараздықты қоздыруға бағытталған видеолар жариялаған. Сонымен қатар, ол алдын ала жалған ақпарат таратқан.
Сотта блогер кінәсін толық мойындаған, ұсынылған дәлелдерді теріске шығармаған. Іс қысқартылған тәртіппен қаралған. Кінәсі сот сараптамалары, ұялы телефонды, интернет-сайттарды, бейнежазбаларды және басқа материалдарды тексеру арқылы дәлелденген.
Сот үкімі бойынша Төлегенов кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік колониясында жазасын өтеуге жіберілген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.