Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада ұлттық компанияның жалған қызметкері «арнайы несие» алаяқтығы үшін сотталды

/
Астанада ұлттық компанияның жалған қызметкері «арнайы несие» алаяқтығы үшін сотталды
Сурет: Рixabay

Астана прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық компанияның жалған қызметкері «арнайы несиелер» арқылы алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

«Тұрғындардың сенімін пайдаланып, 16 азаматты алдаған қала тұрғынына қатысты үкім шығарылды. Алаяқ бір ай ішінде арнайы несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, сенгіш азаматтар оған ақша аударған. Жалпы келтірілген залал 4 млн теңгеден асты. Мысалы, өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, арнайы несие рәсімдеуге көмектесемін деп, қызметін 100 мың теңгеге бағалаған. Сот оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталған тұлғадан материалдық залал өндірілгені атап өтілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға және ақпараттың нақтылығын ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.