Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған

/
Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған
Сурет: Instagram zello.poisk

Ақтөбеде ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
Orda.kz сайтының мәліметінше, олардың артында бес бала қалған. Екеуі де алдыңғы күні жоғалып кеткен, волонтёрлер оларды іздеуге көмек сұраған.

Бүгін ерлі-зайыптылар қала сыртынан өлі күйінде табылды. Негізгі нұсқалардың бірі — ер адамның әйелін өлтіріп, кейін өз-өзін асып өлтіргені.

«Әйелдің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Артынша оның күйеуі асылған күйде анықталды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр — аумақты қарап, дәлелдер жинауда. Сараптамалар тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Бұған дейін қыркүйек айында Түркістан облысында қызғаныштан 45 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған еді. Таңертең олардың денесін балалар тауып алған.