Logo
Іздеу
Айдарлар

20 жастағы қызға ата-анасы оқуға тыйым салып, хиджаб киюге мәжбүрлеген

/
20 жастағы қызға ата-анасы оқуға тыйым салып, хиджаб киюге мәжбүрлеген
Фото: коллаж arasha.kz

Бішкектегі «Сезім» дағдарыс орталығына 20 жастағы қыз көмек сұрап келгені белгілі болды. Орталықтың мәліметінше, ата-анасы оны хиджаб киюге мәжбүрлеп, телефонын тартып алып, оқуға тыйым салған. Қыздың қарсылығын ата-анасы «жынның қарсылығы» деп түсіндірген.

Дағдарыс орталығының мамандары ата-анасы қызды бірнеше рет молдаға апарғанын айтады. Сол жерде қызды шлангпен ұрып, нәжіс аралас сұйықтыққа күштеп батырып, «жынды шығару» рәсімін жасаған.

Оқиғадан кейін тараптар арасында формалды «татуласу» рәсімі өткен.

Threads әлеуметтік желісінен алынған скрин. Оқиға сәті бейнеленген.