Бүгін Италияның астанасы Римде халықаралық бокс конгресі өтті. Бұл жиын әлемдік бокс қауымдастығы үшін маңызды шара саналады, себебі оның күн тәртібінде World Boxing халықаралық федерациясының жаңа президентін сайлау мәселесі қаралды.
Ұйымның уәкілетті құрылымы 2025 жылдың қазанында қабылданған барлық өтінішті сараптап, тек арнайы комиссия мақұлдаған кандидаттарды ғана сайлауға жіберді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, танымал боксшы Геннадий Головкин осы мақұлданған үміткерлердің қатарында болды. Нәтижесінде дауыс беру қорытындысы бойынша ол World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.
Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды