Жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін мемлекет құраушы ұлт ‒ қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің тату-тәтті болуы маңызды. Бүгінгі күні еліміздегі әр ұлт өкілі өз мәдениетін, тілін, ділін, дінін дамытып, мәдени орталықтарын құрып, өз алдына бір қауым болып күн кешіп жатыр. Тіпті орыс, ұйғыр мектептері елімізде мемлекеттен қаржыландырылып, диаспораның еркін тұруына жағдай жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болуының өзі аз ұлттардың маңызы мен оларға жасалып отырған жағдайды көрсетсе керек. Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды.
Қазірде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында 583 адам бар. Олар елдің саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтік, қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүр.
Қазақстан Республикасы Парламентінде 30 депутат ассамблея өкілі болып, ел тағдырына араласып отыр. 2024 жылы ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығы құрылып, 17 этномәдени бірлестіктер өз жұмысын атқарып келе жатыр. Олар аз ұлттардың өз мәдениеті мен өнерін ұмыт қалтырмауына зор ықпалын тигізеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта ассамблеяда бірнеше жоба іске асып жатқан көрінеді. Олардың бірі ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың деректер базасы, шығармашылық байқаулар, мәдени-ағартуғ тарихи жобалары, волонтерлік жобалар мен Қазақстан және қазақ тілін құрметтеуге арналған жобалар жүзеге асады екен.