Қылмыстық істердің атышулы фигуранттары шетелде еркін өмір сүріп жүр, ал оларды елге қайтару билікке әлі де мүмкін болмай отыр. Солардың бірі — сотталған экс-ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы Азамат Кәпенов.
Ол халықаралық іздеуде болғанына қарамастан, Дубайда еркін жүр. БАӘ оны экстрадициялаудан бас тартты, ал Қазақстан қажетті құжаттарды ұсына алмады, деп жазды Orda.kz.
Кәпенов 2025 жылдың тамызында ұсталған болатын. 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан да, Ресей де оны халықаралық іздеу жариялаған. Ресей оны алаяқтық пен ұрлыққа қатысы бар деп күдіктесе, Қазақстанның қандай айып таққаны әлі күнге дейін белгісіз: ресми талаптар жарияланбады. Тамызда ҰҚК Кәпеновтің ұсталуына қатысты түсініктеме беруден бас тартқан еді.
Адвокат Жанна Александрова оның үстіндегі айыптар негізсіз деп санайды. Айтуынша, оның өтініші бойынша жүргізілген сараптама Кәпенов ісі бойынша жәбірленушілерге келтірілді делінген залалды растамаған.
«Бұл азаматтық-құқықтық мәселе — келісімшарттар, есеп айырулар. Бірақ оған алаяқтық деп айып тағып отыр. Кімнің кімге қанша төлеуі керек екенін азаматтық сотта шешу керек еді. Оның орнына қылмыстық іс қозғады. Бізде тергеудің сапасы өте нашар. Кәсіби өрескел қателер көп.
Халықаралық істерде бұл бірден көрінеді. Мысалы, алдымен айыптау бабы қойылады, содан кейін ғана залалды анықтай бастайды. Барлығы терісінен жасалған. Шетелдік орган істің толық аяқталмағанын көріп, экстрадициядан бас тартады», — дейді құқық қорғаушы.
Азамат Кәпенов Дубайда бір ай қамауда отырды да, кейін босатылды — БАӘ оны ұстап отыруға негіз қалмағанын айтты. Араб әмірліктерінің прокуратурасы мен соты Қазақстан берген дәлелдерді жеткіліксіз деп тапқан. Оның үстіне, адвокаттың сөзіне қарағанда, Кәпенов жасырынбайды: онлайн отырыстарға қатысады, мекенжайын көрсетеді, ал тергеуші соған қарамастан оны іздеуге беруді талап етіп отыр.