Logo
Іздеу
Айдарлар

Сот Дикий Арманның үкімді қайта қарау өтінішін қабылдамады

/
Сот Дикий Арманның үкімді қайта қарау өтінішін қабылдамады
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласының сот апелляциялық алқасы 2022 жылғы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша сотталған Арман Жұмагелдиевтің өтінішіне шешім шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алқаның шешімі бойынша, бірінші сатыдағы сот үкімдері істегі негізгі тұлғаларға қатысты өзгеріссіз қалдырылды.

Қазан айында Жұмагелдиев соттан өзіне берілген үкімді қайта қарауды сұраған болатын.

Еске салайық, оған биыл қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша айып тағылған еді. Сотталушылар қатарында бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген, ҰҚК-ның бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Исқақов тағы бар 42 адам болған.