27 қарашада Жетісу облысының сотында Айзат Жұманованың өліміне қатысты істің алдын ала тыңдауы өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Маусым айында ол ауыр соққыдан ес-түзсіз күйінде табылған. Әйелді ауруханаға күйеуі өзі жеткізген. Дәрігерлер Айзаттың өмірі үшін күрескенімен, ол жарты сағаттан кейін қайтыс болды.
Алғашында іс ҚР ҚК-нің 106-бабы — «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру» бойынша қозғалды.
Алайда суреттер мен куәгерлердің сөзі оның жарақаттары кездейсоқ алынбағанын анық көрсеткен. Айзат ұзақ және ерекше қатыгездікпен соққыға жығылған. Туыстары қайта сараптама тағайындауды талап етіп, оның қорытындысы шошытатын деректерді ашты. Жарақаттардың сипаты бір реттік қақтығысты емес, жүйелі түрде ұрып-соғуды меңзейтін.
Соңында тергеу істі ҚР ҚК-нің 99-бабы — «Адам өлтіру» бойынша қайта саралауға мәжбүр болды.