Logo
Іздеу
Айдарлар

Енді Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі бастауыштан бастап оқытылады

/
Енді Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі бастауыштан бастап оқытылады
Arasha.kz коллажы

КХДР-да жаңа оқу жылында төртінші сыныптан бастап орыс тілі міндетті пән ретінде енгізілді. Бұл туралы Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов Мәскеуде өткен Ресей-КХДР үкіметаралық комиссиясының отырысында мәлімдеді. Бұған дейін Ресейдің КХДР-дағы елшісі Александр Мацегора 1 сәуірден бастап орыс тілін оқыту міндеттелетінін хабарлаған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің айтуынша, орыс тілі Солтүстік Кореяда ең танымал шет тілдерінің үштігіне кіреді. Қазір КХДР-да шамамен 600 адам орыс тілін оқып жүр. Ал Ресейде корей тілін үш мыңнан астам оқушы, көбіне екінші немесе үшінші шет тілі ретінде меңгеруде.

Екі елдің білім беру байланыстары бірнеше бағыт бойынша дамуда. Өткен оқу жылында КХДР-дың 96 азаматы Ресейдің жоғары оқу орындарына оқуға түскен, олардың көбі Қиыр Шығыс федералды университетіне, МГИМО-ға және РУДН-ға қабылданған.

Сонымен қатар Ресейде 300 студент корей тілін таңдаған. Ол елде үш педагогикалық университетте оқытылады.