ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарының бірқатар басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
ҰҚК Қазақстанда Қоғамдық даму басқармасының басшысына қатысты тергеу жайын айтты. Ол бағынышты қызметкерімен сөз байласып, еңбекке ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Сонымен қатар Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы қаржы-шаруашылық қызметін тексерудің оң қорытындысын алу үшін комиссия мүшелеріне 16 млн теңге көлемінде пара берді деген факт бойынша да тергеу жүргізілуде.
Сот санкциясымен аталған адамдар қамауда ұсталып отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы қызметінің нәтижелері туралы есеп ұсынды.